Күтілетін нәтиже

KUTEL ұзақ мерзімді табыстар әкеледі деп күтілуде. Трансұлттық ынтымақтастық жүйесі ЕО-ға мүше елдер мен Қазақстанның университеттері мен ұйымдары арасында келесі аспектілерде дами береді деп күтілуде:

  • технологияларды қолдану арқылы оқыту сапасын қамтамасыз ету жүйесін үйлестіру
  • ғылыми ынтымақтастық;
  • білім беру;
  • озық тәжірибе алмасу.

Бұл ынтымақтастық түрлі жобалар, зерттеулер мен инновациялар арқылы құнды деректер қоры жүйесін құруды жеңілдетеді.

KUTEL әсері мен артықшылығы тұрақты нәтижелерге қол жеткізу арқасында оның өмірлік циклінің шеңберінен шығады. Жоба Қазақстан үшін ұлттық басымдық деп танылған "сапаны қамтамасыз ету үдерістері мен тетіктері (СК)" саласындағы реформаны қозғайды. Сондай-ақ осы жоба ұлттық деңгейде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі TEL курстары мен оқу бағдарламаларын жақсартуға, әзірлеуге және енгізуге кепілдік бере отырып, аралас оқытуда сапаны қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін (МК) енгізу жолымен оқыту әдістемелерін жаңғыртуға және реформалауға бағытталатын болады. 2015 жылғы 13 қарашадағы өзгерістермен Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында көрсетілгендей, сапаны қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің басым міндеттерінің бірі қазақстандық және шетелдік аккредиттеу органдарының, 1, 3, 5 жыл мерзімге аккредиттеу сертификаттарын беру үшін Қазақстанның ресми тізіліміне енгізілген ЕО-да сапаны қамтамасыз етудің халықаралық желісінің толық құқылы мүшелерінің халықаралық аккредиттеуді жүргізуі болып табылады.

KUTEL нәтижелері қазақстандық жоғары оқу орындарын жаңа буын мекемелеріне айналдыру қажеттілігін қанағаттандыру үшін жақсартылған технологиялары бар оқытудың баламалы нысандарын ұсынуға ықпал ететін болады.

Image

Бұл жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Бұл жарияланым автордың ғана көзқарасын көрсетеді және комиссия ондағы ақпаратты кез келген пайдаланғаны үшін жауапты болмайды.

©КУТЕЛ 2020 жобасы. Барлық құқықтар қорғалған